Сионистік түрмедегі палестиналық тұтқын шәһид болды
(last modified Sun, 25 Sep 2016 14:53:37 GMT )
Қыр 25, 2016 20:53 Asia/Almaty
  • Сионистік түрмедегі палестиналық тұтқын шәһид болды

Палестиналық тұтқындар мен азат етілгендер ісі комитетінің төрағасы сионистік «Римон» түрмесінде бір палестиналық тұтқынның шәһид болғанын хабарлады.

Палестиналық тұтқындар мен азат етілгендер ісі комитетінің төрағасы Иса Қарағе мәңгілікке бас бостандығынан айрылған 40 жастағы палестиналық тұтқын Ясир Зияб Хамдуненің жексенбі күні сионистік режимнің «Римон» түрмесінде шәһид болғанын мәлімдеді. Орталық статистика басқармасы мен Палестинаның тұтқындар ісі министрлігінің мәліметі бойынша 1967 жылдан қазірге дейін 208-ден астам палестиналық тұтқын қатыгездік, азаптау, медициналық салғарттық, күш қолдану, қасақана кісі өлтіру және тікелей оқ атудың салдарынан сионистік режимнің түрмелерінде шәһид болған.