Рухани Мишель Аунды құттықтады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i17227
ИИР Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы байланыс орнатып, оның Ливан Президенті болып сайлануымен құттықтап, жаңа кезеңде Теһран-Бейрут қарым-қатынастарының одан әрі дами түсетіндігіне үміт білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 01, 2016 17:26 Asia/Almaty
  • Рухани Мишель Аунды құттықтады

ИИР Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы байланыс орнатып, оның Ливан Президенті болып сайлануымен құттықтап, жаңа кезеңде Теһран-Бейрут қарым-қатынастарының одан әрі дами түсетіндігіне үміт білдірді.

ИИР Президенті Хасан Рухани телефон арқылы Мишель Аунмен сөйлесіп, оның Ливанның Президенті болып сайлануын Ливандағы барлық саяси ағымдар үшін тыныштықтың көрінісі және демократияның жеңісі деп атап, Ислам республикасының Ливанмен барлық салаларда қарым-қатынастарын алға ілгерілетуге дайын екенін қуаттады.

ИИР Президенті шамамен екі жарым жылдан кейін Ливан халқының қиындықтардан жақсы өткеніне ризалық білдіріп: «ИИР әрқашан Ливаннан бөгделердің қысымдары алынса, бұл ел халқының өз Президентін сайлайтын жақсы мүмкіндікке ие екенін қуаттады»,- деді.

Ливанның жаңа Президенті Мишель Аун да Хасан Руханиге алғыс айтып, Ливанның әрқашан ИИР-мен қарым-қатынастарды дамытуды қалайтынын мәлімдеді. Ливанның жаңа Президенті сонымен бірге лаңкестік топтар мен сионистік режимнің қоқан-лоққыларына қатысты қазіргі жағдайды түсіну және олардың алдында қырағы болу қажеттілігіне тоқталып: «Ливан өзінің бар күшімен лаңкестік топтардың немесе сионистік режимнің қоқан-лоққыларына қарсы тұруға дайын»,- деп қуаттады.