Хасан Рухани Құдсты басып алушы режимінің алдында Палестина халқының құқығын қорғауды қуаттады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i19951
ИИР президенті: «Бүгінде Палестина және Құдс шәріп тақырыбы бүкіл әлем мұсылмандары үшін мақсат-мұратқа айналған. Құдс шәріпті азат ету және Палестина халқының құқығын қорғау аймақтың бірінші мәселесі болуы керек» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 14, 2016 10:21 Asia/Almaty
  •  Хасан Рухани Құдсты басып алушы режимінің алдында Палестина халқының құқығын қорғауды қуаттады

ИИР президенті: «Бүгінде Палестина және Құдс шәріп тақырыбы бүкіл әлем мұсылмандары үшін мақсат-мұратқа айналған. Құдс шәріпті азат ету және Палестина халқының құқығын қорғау аймақтың бірінші мәселесі болуы керек» деді.

Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының мәлімдеуі бойынша ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда Палестина исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысы Рамазан Абдолланы қабылдауында түрлі астыртын әрекеттердің Палестинаның асқақ арманын жүзеге асыру бағытындағы әрекетті жалғастырудан күдер үзуге жол бермеу керектігін қуаттап: «Осы қозғалыс пен Палестинадағы өзге қарсыласу топтары осы бағытта маңызды жауапкершіліке ие» деді.

Иран ислам республикасының ислам революциясы басталғаннан бері Палестина халқы мен олардың мақсат-мұраттарын қолдауға берік болғанын қуаттаған Рухани: «Иран үкіметі мен халқы әрдайым сол негіз бойынша әрекет жасап, Палестина халқының жанынан табылып, еш көмегі мен қолдауын аямайды» деді.

Рухани аймақ халқының лаңкестер алдындағы жаңа жеңістеріне сілтеме жасап: «Қарсыласу, жанкештілік, төзімділік, бірлік және ислам әлемінің жұмылуымен түпкі жеңістің аймақ халқына тиесілі болатындығы даусыз. Қоғамдық пікірді Палестина тақырыбынан адастыру үшін аймақта қалыптасқан астыртын әрекет жеңіліске ұшырайды» деді.

Палестина исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысы да осы кездесуде Иран ислам республикасының Палестинаның мазлұм халқы мен қарсыласу өзегіне көрсетіп жатқан қолдауларына алғыс айтып: «Палестина халқы қысымға қарамастан сионистік режимнің палестиналық жерлерге басқыншылығы аяқталғанша осы режиммен қарсыласуын жалғастырады» деді.