2016 жылы сионистер әл-Ақса мешітіне ең көп шабуыл жасады
(last modified Sun, 01 Jan 2017 03:42:00 GMT )
Қаң 01, 2017 09:42 Asia/Almaty
  • 2016 жылы сионистер әл-Ақса мешітіне ең көп шабуыл жасады

2016 жылы сионистік қалашықтардың шамамен 17602 тұрғыны мен әсірешіл раввиндер әл- Ақса мешітіне баса-көктеп кірген. Бұл Палестина жаулап аланғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш болып саналады.

"Daily-48" торабы өзінің статистикалық мәліметінде 2016 жылы сионистік режимнің 1200- ден астам барлаушы қызметкерінің де әл- Ақса мешітіне баса-көктеп кіргенін мәлімдеді. Құдс араб зерттеу орталығына қарасты зерттеу орталығының бас директоры Джамал Талаб әл-Амала: «2016 жылы палестиналықтардың баспаналарын қирату саны өткен жылмен салыстырғанда 208 пайызға ұлғайған. Бұл көрсеткіш 418 тұрғын үйді қамтиды» деді.