Қаң 20, 2017 20:19 Asia/Almaty
  • Зариф: Палестина ислам әлемінің ең маңызды әрі басты бағдары болып табылады

Иран ислам республикасының Сыртқы істер министрі Палестина тақырыбын әлі де Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының ең маңызды да басты бағдардағы тақырыбы деп атады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Малайзияның астанасы Куала-Лумпурдағы Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының төтенше отырысына қатысқаннан кейін тілшілерге берген сұхбатында: «Осы ұйымның отырыстарының тұрақты тақырыптарының бірі Палестина мәселесі болып табылады.

Жуықтағы өзгерістер, әсіресе Американың жаңа үкіметінің жаулап алынған Палестина туралы саясаттары халықаралық қауымдастықты, әсіресе ислам елдерін алаңдатып отыр.

Ислам әлеміндегі келіспеушіліктерге қарамастан Палестина тақырыбы әлі де Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының ең маңызды да басты бағдардағы тақырыбы болып табылады. Куала-Лумпур отырысында да осы тақырып қуатталды» деді.

Зариф сондай-ақ Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының Куала-Лумпурда Мьянмадағы рохинья мұсылмандарына көмектесу үшін халықаралық ынтымақтастық туралы игі шешімдерін қолдап, ислам елдерінің осы негізде өзара жақсырақ ынтымақтастық жасауына үміт білдірді.

 

 

Тегтер