Ердоған Ораза айт намазы кезінде есінен танып қалды
Маусым 25, 2017 18:45 Asia/Almaty
Түркия президенті Ораза айт намазы кезінде қант диабеті салдарынан қан қысымының жоғарылауына байланысты есінен танып қалды.
Режеп Тайеб Ердоған есінен танып қалған соң оққағарлары оған қарай көмекке асығып, дәрігерлер де мешітке енді. Бірақ тілшілерге мешітке енуге рұқсат берілмеді. Намаз аяқталған соң Ердоған тілшілермен кездесіп, қант диабеті салдарынан қан қысымының жоғарылап, жағдайының қиындағанын айтты.
Тегтер