Маусым 30, 2017 19:55 Asia/Almaty
  • Әл-Абади Ирактағы ДАИШ билігінің аяқталғаны туралы мәлімдеді

Ирак премьер-министрі Твиттердегі мәлімдемесінде ДАИШ лаңкестік тобының Ирактағы билігінің аяқталғанын хабарлап: "ДАИШ-тың барлық мүшелерін өлтіреміз немесе тұтқынға аламыз",- деді.

Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади Твиттердегі жолдауында: "Ән-Нури мешітін басып алып, бұл көне мешітті елімізге қайтару Ирактағы ДАИШ билігінің аяқталғанын білдіреді",- деп қуаттады.

Ән-Нури мешіті – ДАИШ лаңкестік тобының басшысы Абу Бакр әл-Бағдадидің 2014 жылы маусым айында халифат құрғаны туралы мәлімдеген мекен.

Қазір Ирактың мемлекеттік телеарналары өздерінің тұрақты бағдарламаларын тоқтатып, батырлық және патриоттық ән-ұрандарын таратып, Мосулдың толық босағаны туралы хабар жариялауда.

Ирактың Қорғаныс министрі мәлімдеме жариялап: "ДАИШ лаңкестік тобының Ирактың солтүстігіндегі Нейнава облысының орталығы Мосулда билігі аяқталды. ДАИШ 2014 жылдың маусым айында Мосул қаласын өз бақылауына алып, бірнше күннен кейін Абу Бакр әл-Бағдади қаланың батыс бөлігінде орналасқан ән-Нури мешітінде халифат құрғаны туралы мәлімдеген болатын",- деді.

 

Тегтер