Иордан өзенінің батыс жағалауында бір палестиналық шәһид болды
Бір палестиналық Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстігінде сионистік режим әскерилерінің оғынан шәһид болды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режим әскерилері сенбі күні түстен кейін бір палестиналықты Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстігіндегі Наблустың оңтүстігінде орналасқан қауіпсіздік пунктіндегі сионист әскерилердің бірін пышақтамақ болды деген сылтаумен атып өлтірді.
Сионистік режим әскерилері 2015 жылдың қазан айынан бері 370-тен астам палестиналықты сионистерге қарсы суық қару қолданды және оқ атты деген сылтаумен шәһид етті.
Осы жағдайда «Маа» палестиналық ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режимнің әскерилері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Джанин қосынына баса-көктеп кіріп, үш палестиналықты оқ атып жаралаған.