Саудиялық коалиция БҰҰ-ның есебіндегі өз айыбын Йеменге жапты
(last modified Sun, 08 Oct 2017 08:54:38 GMT )
Қаз 08, 2017 14:54 Asia/Almaty
  • Саудиялық коалиция БҰҰ-ның есебіндегі өз айыбын Йеменге жапты

Йеменге басқыншылық жасаған саудиялық коалиция мәлімдеме жариялап, БҰҰ-ның қақтығыстар мен соғыс кезінде балалардың құқығының бұзылу жайттары айтылған кезекті есебін теріске шығарды.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Йеменге басқыншылық жасаған саудиялық коалиция сенбі күні: «БҰҰ-ның осы коалицияның амал-әрекеттері жайлы есебі мен эр-Риядты балалардың құқығын бұзушылардың қара тізіміне қосқаны дұрыс емес. БҰҰ кеңселерінің мәлімет жинау үшін қолданатын тәсілдері осы коалицияға қатысты қоғамдық пікірді бұрмалау және Йеменнің Ансаролла қозғалысы үшін жарнама жасауға бағытталған» деген уәж айтты.

БҰҰ жұма күні Йемендегі соғыс туралы өзінің есебінде: «Саудиялық коалицияның өткен жылы Йеменге жасаған шабуылында 683 бала қаза тауып, жараланды»,-деп мәлімдеді. БҰҰ осы есеп негізінде Сауд Арабиясын балалардың құқығын бұзушы елдердің қара тізіміне қосты.