Саад әл-Харири: Құдс Палестинаның астанасы болады
Жел 10, 2017 19:39 Asia/Almaty
Ливанның Премьер-министрі Саад әл-Харири АҚШ Президенті Дональд Трамптың Бейт ул-Мұқаддасқа қатысты шешімін айыптап, Құдстың Палестинаның астанасы болатынын қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ливан Премьер-министрі Саад әл-Харири сенбі күні кешке Трамптың палестиналықтарға қарсы шешіміне Twitter-де білдірген реакциясында: "Бейрут Құдсты Палестинаның астанасы санап, Палестина жері мен халқының шындығының жанынан табылады",-деп жазды.
Ливан Премьер-министрі осыдан бұрын да АҚШ-тың палестиналықтарға қарсы шешіміне қарсылық білдіріп, Бейруттың Палестина халқы мен олардың Құдсты астанасы етіп, тәуелсіз мемлекет құру құқығына тілеулестік білдіретінін қуаттаған болатын.
Тегтер