Сауд әулетінің Израильге қатысты рөлі
(last modified Thu, 14 Dec 2017 07:51:50 GMT )
Жел 14, 2017 13:51 Asia/Almaty
  • Сауд әулетінің Израильге қатысты рөлі

Сауд Арабиясы мен Құдсты басып алған режим ұзақ әрі ортақ тарих бойы саяси, әскери және экономикалық салаларда жасырын ынтымақтастықтарға ие болып, Сауд әулеті сионистік режимнің тіршілігі мен аймақтағы даму мақсаттарын ілгерілету саласында маңызды рөл атқарды.

Бұл жайында Қатардың "Әш-Шарқ" газеті Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігінің сионистік режиммен жасырын ынтымақтастықтары туралы құжат жариялады. Бұл құжат Рияд 1966 жылы сионистік режимнен Мысырдың Синай аймағын басып алуды талап еткенін көрсетті. Рияд сондай-ақ, сионистік режимнің негізін нығайтуға талпыныс жасап, сол мақсатта Сирияға шабуыл жасап, бұл елдің бір бөлігін бөліп алуды ұсынған. Осы мәлімет бойынша Сауд Арабиясы сонымен қатар палестиналықтардың қозғалыстары немесе кез келген араб мемлекетінің Палестинаны азат ету талпынысының алдын алу үшін сионистік режимнен Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауын да өз бақылауына алуды талап еткен.

Сауд Арабиясы  мен Израиль аймақ және араб елдеріне қарсы психикалық және физикалық соғыста бірлік білдіруде. Бұл соғысты АҚШ ондаған жылдар бойы Рияд пен Тель-Авив арқылы жүргізуде. Аймақтағы қастандықтарды АҚШ, Сауд Арабиясы мен Израильдің жарияланбаған бірлігінің негіздері бойынша бағалауға болады. Израиль мен Сауд Арабиясының арасында ресми дипломатиялық қарым-қатынас орнатылмағанымен, олардың байланыстарының тамыры тереңге бойлаған. Алайда Израиль мен Сауд Арабиясының аймақтағы қарсыласу қозғалысына қарсы саясаттары мен бұл екі режимнің лаңкестерді қолдауы олардың болмыстарының ұқсастығын бұрынғыдан бетер әшкере етті. Қазіргі жағдайда Сауд Арабиясы мен Израиль жылдар бойы орнатқан жасырын қарым-қатынастарын айқындап жатыр. Кейбір саяси топтар Сауд Арабиясы мен Израильдің ресми қарым-қатынас орнату әрекеттері АҚШ Президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыс аймағында "қорытынды" бейбітшілік орнату және аймақтағы қарсыласу күштерімен күресу уәдесін іске асырудан басқа еш нәрсені көздемейді деп санайды. Араб басшыларының, соның ішінде Сауд Арабиясы басшыларының Израиль және Батыс үкіметтерімен әскери саладағы ынтымақтастықтарының салдары соғыс пен аймақтық және халықаралық зұлымдық болды. Сирия, Ирак пен Йемендегі дағдарысты саудиялық-сионистік зұлымдық деп атау керек. Қорыта айтқанда, Сауд Арабиясы  басшылары Израильдің аймақтағы дамуына жол ашып, іс жүзінде аймақ өзгерістеріне АҚШ пен сионистік режимнің мүдделері мен билікқұмар саясаттарына сай ықпал ету бағытында қадам басуда. Сауд Арабиясы  әрқашан Израильдің аймақтағы басқыншылық әрекеттерін қолдады. Бұл салада  осыдан біраз уақыт бұрын сионистік режимнің ішкі қауіпсіздігін зерттеу ұйымының басшысы Амос Ядлин: "Сауд Арабиясы  Израиль армиясының 2006-шы жылы  Ливанға қарсы 33 күндік шабуылында сионистік режимге маңызды стратегиялық мәліметтер берді. Сауд Арабиясы аймақтағы дұшпандық мақсаттарына жету үшін сионистік режиммен ынтымақтастық жасауда. Таяу Шығыс өзгерістері қоғамдық пікірді Израильдің соғыстары Сауд әулеті тарапынан басқарылады деген шындыққа назар аудартты. Бұл Сауд әулетінің аймақта Израиль үшін бесінші тірек рөлін атқаратынын көрсетеді.