Дамаск: Түркияның Африндегі амалдары Сирияның ұлттық егемендігін бұзу болып табылады
(last modified Sun, 21 Jan 2018 12:15:42 GMT )
Қаң 21, 2018 18:15 Asia/Almaty
  • Дамаск: Түркияның Африндегі амалдары Сирияның ұлттық егемендігін бұзу болып табылады

Сирияның СІМ сенбі күні кешке Түркияның Сирияның солтүстігіндегі Африн қаласына жасаған шабуылын қатаң айыптап, Түркияның бұл амалдарының Сирияның ұлттық егемендігін бұзғанын айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирияның СІМ халықаралық қауымдастықтан Түркияның шабуылын айыптап, оны тоқтату үшін тиісті шара қолдануды сұрады.

Сирияның СІМ, сондай-ақ, Анкараның Дамаскты өзінің Африндағы амалдарынан хабардар еткені туралы уәждерін теріске шығарды.

Түркия армиясы жұма күннен бастап өзінің артиллериялық бөлімшелері арқылы Африндегі "Сирия демократиялық одағы" партиясының күштері орналасқан позицияларды атқылады.

Түркия армиясының "Зейтүн бұтағы" деп аталатын құрлықтағы амалдары сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00 Афринда басталды.

Осы жағдайда Ресейдің Қорғаныс министрлігі бір мәлімдемеде: "Сирияның бұл бөлігіндегі жағдайдың шиеленісуіне әкеліп соқтырған негізгі факторлар – Вашингтонның Түркияға көршілес аудандарда шекаралық күштерді құруға және басқа шараларды атқаруға бағытталған талпыныстарының салдары. Америкалықтар бұл әрекеттерді Сирия үкіметін әлсіретіп, лаңкестік топтарға қолдау көрсету үшін жасап отыр",-деді.   

 

Тегтер