Сирия күрдтері Түркия армиясының төртінші танкін жойды
(last modified Sat, 27 Jan 2018 15:58:09 GMT )
Қаң 27, 2018 21:58 Asia/Almaty
  • Сирия күрдтері Түркия армиясының төртінші танкін жойды

Сирия күрдтерінің бір дереккөзі Сирияның солтүстігіндегі Халаб облысындағы Африн қаласында Түркияның төртінші танкінің жойылғанын хабарлады.

Mehr агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия күрдтерінің Демократиялық Одағы партиясының күштері Түркияның Афринге шабуылдарды бастауынан бері Түркия армиясына тиесілі бірнеше танктің жойылғанын тілге тиек етіп: «Түркия армиясына тиесілі төртінші танктің жойылуы танктің ішіндегі барлық күштердің өліміне соқтырды» деді. 
Келесі хабарға сәйкес, БҰҰ-ның Балаларды қорғау қоры UNICEF-тің Сириядағы өкілі Fran Equiza Африн қаласындағы жуырдағы қатігездік әрекеттерде кемінде 11 баланың қаза тапқанын хабарлады. Fran Equiza мәлімдемеде Африндегі  қақтығыстар барысында 125 000-нан астам адамның босқындыққа ұшырағанын айтып, қақтығысушы тараптардан балаларға қолдау көрсетуде табандылық танытып, әскери емес бейбіт тұрғындардың қақтығыс аймағынан аман-есен өтуі үшін лайық жағдай қалыптастыруды сұрады. 
 

 

Тегтер