Сирияның солтүстігінде Түркия сарбаздарының шығыны артты
(last modified Thu, 01 Feb 2018 15:52:21 GMT )
Ақп 01, 2018 21:52 Asia/Almaty
  • Сирияның солтүстігінде Түркия сарбаздарының шығыны артты

Сирияның солтүстік-батысында болған қақтығыстар барысында 15 түрік сарбазы қаза тапты.

"Sky News"-тің "Сирияның демократиялық одағы" партиясы (PYD) күштерінің ақпарат орталығына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, сәрсенбі күні Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Африн қаласы маңындағы қақтығыстарда Түркия күштерінің 15 сарбазы қаза тауып, бірқатары жараланды.

Бұл топ осыдан бұрын да Түркия армиясының Сирияның солтүстігіндегі амалдарында ондаған сарбаздың қаза болғанын хабарлаған болатын.

Осындай жағдайда Түркия армиясы Сирияның солтүстігіндегі Түркия үкіметіне қарсы күрдтердің шығыны 343 адамға жеткенін хабарлады.

 

Тегтер