Түркияға қарасты содырлар Африн тұрғындарының мал-мүліктерін тонаған
(last modified Mon, 19 Mar 2018 08:44:56 GMT )
Нау 19, 2018 14:44 Asia/Almaty
  • Түркияға қарасты содырлар Африн тұрғындарының мал-мүліктерін тонаған

"Сирияның еркін әскері" атты қарулы топ жексенбі күні Сирияның солтүстігіндегі Африн қаласын басып алғанн соң қаланы тонаған.

IRNА-ның хабарлауынша, Түркияның қоластындағы содырлар Сирияның солтүстігіндегі күрдтер мекендейтін қаланы басып алғаннан кейін дүкендер, ресторандар мен халықтың үйлеріне баса-көктеп кіріп, олардың мал-мүліктерін тонап әкеткен.

Түркия әскері "Сирияның еркін әскері" атты қарулы топқа қолдау көрсету арқылы 2018 жылы қаңтардың жиырмасынан бастап Афринде лаңкестікпен күресу мақсатында Сирияның солтүстік бөлігіне қарсы әскери шабуылдарын бастаған болатын.

350 мың адам мекендейтін Африн қаласының тұрғындарының басым бөлігі Түркия күштері мен "Сирияның еркін әскері" атты топтың басқыншылығынан кейін өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Анкараның Сирияның ұлттық егемендігін бұзуы әлемдік қауымдастық пен бейтарап үкіметтер тарапынан бірнеше рет айыпталып, тіпті Түркияның өзінде ішкі қарсылықтарға ұласқан болатын.

 

 

Тегтер