Сейіт Хасан Насролла мұсылмандардың саудиялық бүлікпен күресуі қажеттігін қуаттады
(last modified Sat, 09 Jun 2018 10:52:27 GMT )
Маусым 09, 2018 16:52 Asia/Almaty

Ливан Хезболласының бас хатшысы өткен жұма, яғни Дүниежүзілік Құдс күні Ливанның оңтүстігінде мыңдаған адамның алдында сөйлеген сөзінде: "Дұшпанның ең қауіпті қастандығы мақсаты Палестина мәселесін шешу, Құдс пен оның қасиетті мекендерінің басқыншы сионистік режимнің алдында берілуі болып табылатын "Ғасыр мәмілесі" атты америкалық жоспар саналады",- деп мәлімдеді.

Mehr News ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сейіт Хасан Насролла Ливанның басып алынған Палестинамен шекарасынан 2 шақырым қашықтықта орналасқан Марон әл-Рас ауылында видео-конференция арқылы сөйлеген сөзінде: "Палестина халқы, қарсыласу топтары мен автономды құрылымдар "Ғасыр мәмілесін" қабылдау үшін қыспаққа алынған. Алайда 70 жыл өтсе де, Палестина халқының қарсыласу қозғалысы әлі де жас әрі серпінді күйін сақтап қалды.

Бүгінгі таңда Құдс үш қиындықпен бетпе-бет келіп отыр: бірінші қиындық әлем елдерінің сионистік режимді ресми түрде мойындауы мен АҚШ шешімінің алдында берілу саналады; екінші қиындық Құдс халқының құрамы мен бұл қала тұрғындары болмысының өзгеруімен байланысты; үшінші қиындық – Құдс қаласындағы қасиетті мекендерді, әсіресе әл-Ақса мешіті мен осы қасиетті мешітті қорғау мәселесі.

Палестина халқының қарсыласуы біздің шайқастағы "Ғасыр мәмілесін" сәтсіздікке ұшыратудағы негізгі мықты тұсымыз болып есептелінеді. Тіпті, әлемдегі көптеген араб-исламдық топтар Палестина халқымен ынтымақтастықтарын білдірді",- деді.