Қар 25, 2018 19:19 Asia/Almaty
  • Сауд коалициясының Йеменнің Хаджа мухафазасына жасаған шабуылында 4 адам қаза болды

Сауд коалициясының Йеменнің батысындағы Хаджа аймағындағы жанармай орталығына жасаған әуе шабуылында кемінде 4 адам қаза болып, 5 адам жараланды.

«Әл-Әлам» тереларнасының мәліметі бойынша саудиялық әскери ұшақтар Йеменнің батысындағы әл-Ходейда облысындағы әл-Ләһие мен әл-Джарахи қалаларына үш әуе шабуылын жасаған. Осы мәлімет бойынша, саудиялық әскерилердің әл-Ходейданың әз-Зафран аймағын бомбалауымен тұспа-тұс саудиялық жалдамалылардың артиллериясы әл-Ходейданың кейбір аймақтарын да нысанаға алды.

Сауд Арабиясы АҚШ, Біріккен Араб Әмірлігі  және басқа бірнеше мемлекеттің қолдауымен 2015-ші жылдың наурыз айынан бері Йеменге шабуыл жасап, кедей елді құрлық, теңіз және әуеден қоршауға алды. Бұл соғыстың салдарынан кемінде 14000 йемендік қаза болып, ондаған мың адам жараланып, миллиондаған йемендік босқынға айналды.

 

Тегтер