Рухани: Ирактың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы бүкіл аймақ үшін пайдалы
https://itolqyn.com/news/west_asia-i41501
ИИР Президенті Ирактың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы бүкіл аймақ үшін пайдалы деп тауып, Иран мен Ирактың лаңкестіктің салдарынан көптеген қиындықтармен бетпе-бет келгенін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 11, 2019 21:08 Asia/Almaty

ИИР Президенті Ирактың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы бүкіл аймақ үшін пайдалы деп тауып, Иран мен Ирактың лаңкестіктің салдарынан көптеген қиындықтармен бетпе-бет келгенін қуаттады.

ИИР Президенті Хасан Рухани  дүйсенбі күні  Ирак Президенті Бархам Салехпен Бағдадта өткізген ортақ отырыста: "Ирактың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы Иран үшін маңызды, өйткені тұрақты Ирак аймақта маңызды рөл атқара алады. Иран мен Ирак халықтарының қарым-қатынасы – мың жылдық. Сондықтан Теһран діни, мәдени, тарихи және аймақтық қарым-қатынасты нығайтқысы келеді",- деді.

Ирак Президенті Бархам Салех та  Иранның Ирактың ДАИШ-ке қарсы күресін қолдағаны үшін алғыс айтып, Ирак пен Иранның қарым-қатынасын бүкіл аймақ үшін пайдалы деп атады. Салех Иран Президентінің Ирак сапарын екі ел қарым-қатынасы тереңдігінің белгісі және Теһран-Бағдад ынтымақтастықтарына кедергі тудыратын мәселелерді шешуді қуаттау деп бағалады.