Рухани: Ирактың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы бүкіл аймақ үшін пайдалы
ИИР Президенті Ирактың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы бүкіл аймақ үшін пайдалы деп тауып, Иран мен Ирактың лаңкестіктің салдарынан көптеген қиындықтармен бетпе-бет келгенін қуаттады.
ИИР Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Ирак Президенті Бархам Салехпен Бағдадта өткізген ортақ отырыста: "Ирактың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы Иран үшін маңызды, өйткені тұрақты Ирак аймақта маңызды рөл атқара алады. Иран мен Ирак халықтарының қарым-қатынасы – мың жылдық. Сондықтан Теһран діни, мәдени, тарихи және аймақтық қарым-қатынасты нығайтқысы келеді",- деді.
Ирак Президенті Бархам Салех та Иранның Ирактың ДАИШ-ке қарсы күресін қолдағаны үшін алғыс айтып, Ирак пен Иранның қарым-қатынасын бүкіл аймақ үшін пайдалы деп атады. Салех Иран Президентінің Ирак сапарын екі ел қарым-қатынасы тереңдігінің белгісі және Теһран-Бағдад ынтымақтастықтарына кедергі тудыратын мәселелерді шешуді қуаттау деп бағалады.