Иран Сауд Арабиясының Йеменнің Саада облысына шабуылын айыптады
(last modified Tue, 30 Jul 2019 13:11:29 GMT )
Шіл 30, 2019 19:11 Asia/Almaty
  • Иран Сауд Арабиясының Йеменнің Саада облысына шабуылын айыптады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы саудиялық коалицияның Йеменнің Саада облысындағы бір базарға шабуылын айыптап, осы елдің халқына, әсіресе осы шабуылда қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтты.

Басқыншы саудиялық коалицияның қырғи ұшақтары дүйсенбі күні  Йеменнің солтүстігінде орналасқан Саада облысындағы "Қатарбир" базарына шабуыл жасады. Соның салдарынан 14 адам қаза тауып, 23 адам жараланды. Жараланғандардың арасында 11 бала бар.

Сейіт Аббас Мусави сейсенбі күні осындай жабайы антигуманистік әрекеттерге жиреніш білдіріп: "Әскери күштердің Йеменде жойқын соғыс жүргізіп жатқанына 4 жыл болса да, бұл елді талқандаудан басқа жетістікке жеткен жоқ. Олар өздерінің саясат пен соғыс майданында жеңіліс тапқанының есесін әйелдер, балалар мен бейбіт адамдарды өлтіру арқылы қайтарғысы келеді",-деді.

Мусави, сондай-ақ, халықаралық қауымдастықтың Йеменге басқыншылық жасап жатқандардың соғыс қылмыстарына үнсіз қарап отырғанын сынап: "АҚШ пен кейбір еуропалық елдер басқыншыларға қару-жарақ сату арқылы осындай қылмыстарға ортақтасып отыр, сондықтан олар да өз әрекеттеріне жауап берулері керек",-деді.