"Оралу құқығы" шеруінің 69-шы жұмасында 49 палестиналық жараланды
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні кешке Газа секторында "Оралу құқығы" шеруінің 69-шы жұмасында 49 палестиналықтың жараланғанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұма күні "Оралу құқығы" шеруі "Вади ул-Хамс тұрғындарына тілеулестік" деген ұранмен өтті.
Сионистік режимнің әскерилері палестиналық шерушілерді басып-жаншу барысында соғыс оқ дәрілерін атумен қоса, көзден жас ағызатын улы газдарды да пайдаланды.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі: "Жараланғандар арасында 2 тілші бар. Олардың бірі – Қытайдың "Синьхуа" ақпарат агенттігінің тілшісі",-деп хабарлады.
2018 жылдың 30 наурызынан осы күнге дейін "Оралу құқығы" шеруінде 310-нан аса палестиналық Израиль әскерилерінің оғынан шәһид болып, кемінде 31 адам жараланды.