Қыр 29, 2019 19:41 Asia/Almaty
  • Йемен армиясы Сауд Арабиясының оңтүстігінде ірі әскери амал өткізді

Йемен Қарулы күштерінің ақпарат хатшысы Яхия Сари сенбі күнгі баспасөз отырысында: "Бірнеше ай бойы Йемен армиясы Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Наджран бағытында жүргізіп жатқан "Насрун мин Аллаһ" атты ірі әскери амал барысында осы күнге дейін Сауд Арабиясының 3 әскери бригадасы жойылып, олардың басым бөлігі тұтқынға түсті",-деп хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Яхия Сари: "Бұл амалда саудиялық коалицияға көптеген адам және қаржылай шығын келтірілді. Йемендік күштер дұшпаннан көп мөлшерде оқ-дәрі мен қару-жарақ олжалады.

Йемендік күштер дұшпанның шабуылдары кезінде тұтқындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өйткені басқыншылар оларды нысанаға алуды көздейді",-деді.

 

 

 

Тегтер