Maм 25, 2020 18:24 Asia/Almaty
  • Йемен соғысы АҚШ-тың бақылауы және Израильдің әріптестігімен жүргізіліп жатыр

Йемененің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы сенбі күні кешке елінің АҚШ-тың бақылауында және Израильдің әріптестігімен жүргізіліп жатқан соғысқа ұшырап отырғанын айтып: «Біздің міндетіміз – бар күш-қуатымызбен осы басқыншылықпен күресу», - деді.

Al-Mayadeen ақпарат арнасының хабарлауынша, Абдулмалек әл‑Хуси, сондай‑ақ, Йемен халқын соғысқа қаржылай және әскери қолдау көрсетуге шақырып: «Майданға күш жіберу үдерісінің қарқынын арттыруымыз керек»,‑деді.

Әл‑Хуси коронавирустың Йеменге келгеніне тоқталып, аурудың алдын алу үшін тиісті шара атқаруды сұрады.

БҰҰ‑ның гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесінің ақпарат хатшысы өткен жұма күні Женевадағы жиналыста Йеменде коронавирус таралуының алдын алуға көмектесу үшін тез арада жеткілікті қаржы көздерін табуды сұрады.

 

 

Тегтер