Исмаил Хание: БАӘ-нің келісімі әл-Ақса мешітін өртеуден кем емес
(last modified Sat, 22 Aug 2020 11:09:54 GMT )
Там 22, 2020 17:09 Asia/Almaty
  • Исмаил Хание: БАӘ-нің келісімі әл-Ақса мешітін өртеуден кем емес

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы саяси бюросының басшысы Хание БАӘ мен сионистік режим арасындағы келісімді тағы айыптап, осы режимнің әрекеттеріне қарсы тұрудың жан-жақты стратегиясы мен жоспарын құруға шақырды.

Палестинаның Safa ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исмаил Хание жұма күні әл-Ақса мешіті өртенуінің 51 жылдығына арналған саяси конференцияда сөйлеген сөзінде БАӘ мен сионистік режим арасындағы келісімді қайтадан сынап, осы режимнің әрекеттеріне қарсы жан-жақты жоспар құруға шақырды. Хание екі ел арасында жасалған келісімді осы мешітті өртеуден кем емес деп атады.

Хание Палестина топтарын Израильдің жоспарлары мен стратегиялық қауіп-қатерлеріне қарсы тұра алатын, Палестинаның жерлерін босатып, сол жерлерге оралуға және әл-Ақса мешітін қолдауда табысқа жетуге болатын жан-жақты стратегия мен жоспар құруға шақырды.