Насролла: ДАИШ-тың құрылу мақсаттарының бірі Палестина мәселесін ұмыттыру болды
(last modified Tue, 06 Jul 2021 08:55:39 GMT )
Шіл 06, 2021 14:55 Asia/Almaty

Ливан Хизболласының Бас хатшысы ДАИШ-тың құрылу мақсаттарының бірі Палестина мәселесін ұмыттыру болғанын қуаттады.

Fars News агенттігінің хабарлауынша,  Сейед Хасан Насролла дүйсенбі күні «Палестина жеңеді» конференциясының ашылуына орай сөйлеген сөзінде: «Израильдің кез-келген шабуылы АҚШ шабуылы, ал АҚШ үстемдігі - аймақ тұрғындарына, әсіресе Ирак пен Сирияда қауіп төндіретін ең қауіпті факторлардың бірі. Бірақ  АҚШ-тың араласуынсыз  өз тағдырын өзі шешу – халықтардың құқығы. Бұқаралық ақпарат құралдары – қарсыласу қозғалысының жауға қарсы тұруының маңызды жолдарының бірі. Қарсылық ағымының беріктігі медиа дискурстың жаңаруының бір факторы болды, оны Палестина қарсыласуының «Сайф әл-Құдс» соғыстағы маңызды жеңісіне жатқызуға болады»,- деді.