Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қайшылық сионистер үшін пайдалы
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қайшылықты сионистік режим үшін пайдалы екендігін айтты.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Акбар Хашеми Рафсанджани сейсенбі күні: «Халықаралық қауымдастықтарда ислам әлемінің беделін көтере алатын Теһран мен Риядтың ынтымақтастығы екі ел арасындағы алауыздыққа байланысты мұсылмандарды әлсіретті. Соңында оның пайдасын сионистер мен дұшпандар көреді»,- деді.
Акбар Хашеми Рафсанджани Ливанның Хизболласын лаңкес деп жариялауға өкініш білдіріп, бұл мәселені сионистік режимді күшейту мақсатында жоспарланған жоба деп атады.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты мәселелерді сараптап, Иранның сыртқы саясатының ел халқының құқықтары мен ұлттық мүддеге сай екендігін қуаттап:
«Иран халқы жүйеге адал болып, ақиқаттарды қабылдайтын жақсы мүмкіндікке ие. Ел қайраткерлері осы мүмкіндікке сүйеніп, келешекке үмітпен қарауы керек»,- деп мәлімдеді.