Жел 03, 2021 17:07 Asia/Almaty
  • Сионист әскерилер бір палестиналықты шәһид етті

Сионист әскерилер басып алынған жерлерде бір палестиналықты оққа ұшырды.

Палестинаның әл-Яум ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионист әскерилер бүгін, жұма күні басып алынған жерлердегі Ум-ул-Фахм қаласында бір палестиналықты өлтірді.

Сионистік режимнің ақпарат құралдары: «1948 жылы басып алынған жерлерде бір палестиналық өз көлігімен сионистік әскерилерді қағуға тырысты. Соның салдарынан екі әскери жарақат алды»,-деп хабарлады.  

Тегтер