Жел 24, 2021 17:04 Asia/Almaty
  • Йемен күштері Сауд Арабиясы шекарасындағы стратегиялық әл-Ятме қаласын бақылауға алды

Әскери дереккөздердің хабарлауынша, Йемен армиясы мен халықтық комитеті әл-Джауф облысындағы әл-Ятма шекаралық қалашығын өз бақылауына алды.

Йемен армиясы мен халықтық комитеті бүгін жұма күні таңертең Сауд Арабиясымен шекаралас солтүстік-шығыс әл-Джауф облысының стратегиялық маңызы бар әл-Ятма қаласын саудиялық жалдамалы әскерлермен соғысқаннан кейін бақылауға алып үлгерді. Әл-Ятма - Йеменнің отставкаға кеткен үкіметінің әл-Джауф облысындағы соңғы тірегі. Әл-Ятме аймағының стратегиялық маңызы бар, себебі ол Сауд Арабиясы шекарасына жақын орналасқан, сонымен қатар ол арқылы өтетін халықаралық жол әл-Джауф облысын   Сааданың шығысындағы Бекаа құрлық портымен байланыстырады.

 

Тегтер