Түркия халқының өмір сүру деңгейі төмендеді
Түркияның «Халық республикасы» партиясы құжаттар ұсынып, осы ел халқының өмір сүру деңгейінің төмендегенін хабарлады.
Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, Режеп Тайып Эрдоған басқаратын «Әділет және даму» партиясының биліктегі 13 жылдық кезеңіне сәйкес келетін бұл құжаттар Түркия халқының күнделікті тұрмысының нашарлағанын көрсетеді.
Осы мәлімет бойынша, соңғы жылдары Түркияда ажырасудың саны артып, үйлену саны төмендеген.
Басқа жағынан, Түркиядағы қылмыс пен өз-өзіне қол жұмсау саны айтарлықтай артқан. Статистикалық мәліметтер Түркияда балаларға қатігездік жасау санының да салыстырмалы түрде артқанын көрсетеді.
Есірткі заттарын қолдану Түркияда айтарлықтай артқан, жыныстық қатігездіктер де кеңейе түсті.
Түркия өз халқының өмір сүру сапасын жақсарту үшін талпыныстар жасап жатырмыз деген уәждерін дәлелдеу үшін адам құқығына қатысты халықаралық заңдарды қабылдағанына қарамастан, іс жүзінде осы маңызды мәселеге көзжұмбайлық танытып отыр.
Түркияның «Халық республикасы» партиясы, сондай-ақ, бұл елдің экономикалық жағдайына күмән келтірді.