Сириямен шекаралас жерлердегі Түркияның соғыс техникасының саны артты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i5809-Сириямен_шекаралас_жерлердегі_Түркияның_соғыс_техникасының_саны_артты
Түркияның жергілікті ақпарат көздері осы елдің Сириямен шекаралас аймақта соғыс техникасының артқанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 22, 2016 21:22 Asia/Almaty
  • Сириямен шекаралас жерлердегі Түркияның соғыс техникасының саны артты

Түркияның жергілікті ақпарат көздері осы елдің Сириямен шекаралас аймақта соғыс техникасының артқанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Анкара ДАИШ тәкфирлерінің Түркияға жасайтын кез-келген шабуылына төтеп беру мақсатымен Сириямен шекаралас аймақта өз танктері мен әскери техникасының санын арттырған.

Сириямен шекаралас аймақта Түркияның соғыс техникасының санын арттыруы Сирияның Премьер-министрі Ваель әл-Халқидің бейсенбі күні «Спутник» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Түркияның Сирияда орналасқан лаңкестік топтарды қолдауын сынға алып, өткен бір аптада 5 мың лаңкестің Түркиядан Сирияның солтүстігіндегі Алеппо мен солтүстік-батысындағы Идлиб облыстарына енгенін хабарлаған жағдайда жасалып отыр.

Осыған орай Сирияның Сыртқы істер министрі Валид Муаллем де бүгін  кейбір елдердің, соның ішінде Түркияның бұрынғысынша дамыған қаруларды лаңкестердің ықтиярына беріп отырғанын мәлімдеді.