Қаң 18, 2022 18:52 Asia/Almaty

Йемен қарулы күштерінің баспасөз өкілі дүйсенбі күні кешке «Йемен дауылы» операциясының сәтті өтіп, мақсаттарына жеткенін хабарлады.

 

IRNA-ның Al-Masira-ға сүйеніп хабарлауыша, Яхья Сари: «Йемен  дауылы» операциясы   Дубай мен Абу-Даби әуежайларын, әл-Масфадағы мұнай өңдеу зауытын және БАӘ-ның басқа да бірқатар маңызды  нысандарын нысанаға алды. Операция бес баллистикалық және қанатты зымырандармен және көптеген ұшқышсыз ұшақтармен сәтті жүзеге асырылды»,- деді. Йемен қарулы күштерінің баспасөз өкілі йемендік қарулы күштер дүйсенбі күні басқыншы елдерге агрессия жалғаса берсе, ауыр соққылар беретінін ескертті. Сари: «Біз БАӘ-де тұратын шетелдік компанияларға, бұл елдің өзінің және шетелдік азаматтарға  өмірлерін сақтап қалу үшін сезімтал нысандардан аулақ болуды ескертеміз. Йеменге шабуылдар жалғаса берсе, БАӘ-нің тыныштықтан айырылатынын жариялаймыз»,- деп мәлімдеді.    

 

Тегтер