Қаң 31, 2022 22:06 Asia/Almaty
  • Йемен БАӘ жеріне ауқымды шабуыл жасады

Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі осы елдің БАӘ жеріне ауқымды әскери шабуыл жасағанын хабарлады.

Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі Яхия Сари: "Йеменнің БАӘ жеріне жасаған ауқымды шабуылының егжей-тегжейі алдағы сағаттарда жарияланады",-деді.

Кейбір араб ақпарат құралдары Абу-Даби көгінде қорқынышты жарылыстардың дыбысы естілгенін хабарлады.

Йемен Қарулы күштерінің БАӘ-ге шабуылдары сионистік режимнің басшысы Ицхак Герцог жексенбі күні Абу-Дабиге сапар шеккен жағдайда орын алды.

Йемен Қарулы күштері өткен аптада "Дауыл-1" және "Дауыл-2" амалдары қалыбында Абу-Даби мен Дубайды өзінің зымырандары және ұшқышсыз ұшақтарымен нысанаға алды.  

Тегтер