Сәу 02, 2022 19:09 Asia/Almaty
  • Екі айлық бітім: Сауд Арабиясының күшін қайта жинау ма, әлде Йемен соғысын аяқтауға бастама ма?

БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі арнайы өкілі Ханс Грандберг: "Йеменде қақтығысып жатқан тараптар БҰҰ-ның ұсынуымен ұзарту мүмкіндігіне ие екі айлық бітім орнатуға келісті. Бітім бүгін, 2 сəуірде күшіне енеді",-деді.

Йемендегі соғыстың сегізінші жылы Ансаролла соғысты тоқтатуға қадам жасады. Саудиялық коалиция эр-Риядта жиналыс өткізіп, соғыстың тоқтағанын хабарлады. Екі айлық бітім тараптардың Рамазан айы қарсаңында соғысты тоқтатуға əзірлігінің нəтижесінде орын алды.

Атысты тоқтату бітімінің басты тақырыбы - Йеменнің іші мен сыртында əуе, теңіз бен құрлықтан барлық əскери амалдарды тоқтату, жанармай тиеген кемелердің əл-Худайда айлақтарына кіруі жəне Сана əуежайыннан аймақта белгіленген мақсаттарға ішкі-сыртқы коммерциялық рейстерге рұқсат беру. Басқа сөзбен айтқанда, Йеменнің ұлтты құтқару үкіметінің екі шарты - соғысты тоқтату жəне қоршауды алып тастауды қамтыды.

Екінші тақырып - Сауд Арабиясы бітімге неге келісті? Саудиялық коалицияның Йеменге қарсы соғысы 2022 жылы 26 наурызда сегізінші жылға аяқ басты. Осы аралықта атысты тоқтату бітімі мəселесі сан рет көтеріліп, тараптар келісім білдірді. Бірақ Сауд Арабиясы оны орындаудан бас тартып, бітім орнаған алғашқы күндерден-ақ оны бұзды. Эр-Рияд үкіметі бітімнің жаңа кезеңіне берік бола ма, жоқ па белгісіз. Бірақ екі фактор Эр-Риядтың атысты тоқтату бітімін қабылдауына жағдай жасады. Бір жағынан қысқа уақытта аяқталуы тиіс болған соғыс сегізінші жылға аяқ басып, эр-Рияд шығыны зор Йемен батпағына батып қалды. Басқа жағынан соғыстың салдарынан Сауд Арабиясына ауыр соққы тиіп жатыр.

Үшінші тақырып - атысты тоқтату бітімінің мақсаттары. БҰҰ мен АҚШ-тың Йемен істері жөніндегі өкілінің араағайындығы арқасында қол жеткізілген бітім осы екі тараптың саяси абыройын қайта қайтаруға талпыныс болды. Олар іс жүзінде Йемен дағдарысына үлкен зиян тигізген болатын. Соғыс тоқтап, қоршау алынып, Йеменге гуманитарлық көмек жіберуге мұрсат берілсе, осы елдің ушыққан гуманитарлық жағдайының жақсаруына қадам бола алады.

Тегтер