Велаяти: Ислам елдерін бөлу қастандығы жүзеге аспайды
(last modified Sun, 01 May 2016 09:21:20 GMT )
Maм 01, 2016 15:21 Asia/Almaty
  • Велаяти: Ислам елдерін бөлу қастандығы жүзеге аспайды

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы: «Дұшпандардың аймақтық ислам елдерін бөліп, басып алу туралы сұрқия түстері орындалмайды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Әлиакбар Велаяти кеше, сенбі күні Теһранда Палестинаның «Исламдық джиһад» қозғалысының басшысы Рамадан Абдулла Шалахпен кездесуінде: «Иран Палестинаның жапа шеккен халқы мен аймақта зорлық-зомбылық көріп отырған халықтарды қолдауын жалғастыра береді, өйткені Иранның мақсаты – ислам әлемінің бірлігін сақтау және Палестинаның жапа шеккен халқына қолдау көрсету. Иран ислам әлемінің бірлігі мен біртұтастығын сақтау және лаңкестер мен сионистік режиммен күресу үшін барлық ислам елдерімен әріптестік жасайды»,-деді.

Палестинаның «Исламдық джиһад» қозғалысының басшысы Рамадан Абдулла осы кездесуде сионистік режимді ислам әлемінің жалғыз дұшпаны деп атап: «Исламдық джиһад» қозғалысы Палестина мәселесін ұмыттыру және дұшпандықты Иранға қарай бағыттауға арналған талпыныстардан хабардар, сондықтан сионистік режиммен күрес бағытының ауытқуына жол бермейді»,-деді.