Фейсал Микдад: Израильдің әскери емес нысандарға шабуылы – адамзатқа қарсы қылмыс
(last modified Tue, 21 Feb 2023 12:18:38 GMT )
Ақп 21, 2023 18:18 Asia/Almaty
  • Фейсал Микдад: Израильдің әскери емес нысандарға шабуылы – адамзатқа қарсы қылмыс

Сирия Сыртқы істер министрі: "Жексенбі күні таңертең сионистік режимнің Дамаск пен оның маңындағы әскери емес нысандарға жасаған зымырандық шабуылы – адамзатқа қарсы қылмыс",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Фейсал Микдад Сирияда орналасқан дипломатиялық өкілдіктердің басшылары және елшілермен кездесуінде бейбіт тұрғындардың қаза болуының алдын алу және дербес елдердің егемендігін сақтау мақсатында сионистік режимнің басқыншылықтарын айыптау керегін айтып: "Сионистік режимнің жексенбі күні Дамаскқа жасаған шабуылында 5 адам қаза тауып, 15 бейбіт тұрғын жараланды және бірнеше үй қирады",-деді.

Фейсал Микдад: "Бұл шабуыл Сирия үкіметі зілзаланың салдарымен күресіп жатқан жағдайда орын алды. Зілзаладан мыңдаған адам қаза тауып, инфрақұрылым қирады",-деді.

Фейсал Микдад: "Егер халықаралық қауымдастық Израильдың қылмыстарының алдын алмаса, бұл режим бұдан да көбірек қылмыс жасап, жазықсыз адамдарды өлтіреді",-деді.

Тегтер