Сейіт Хасан Насролла: АҚШ ДАИШ-ты қайтаруды көздеп отыр
(last modified Tue, 15 Aug 2023 17:47:30 GMT )
Там 15, 2023 23:47 Asia/Almaty

Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла Пәкістан, Сирия мен Шираздың Шахшырақ кесенесіндегі лаңкестік оқиғаларда қаза тапқандарға байланысты көңіл айтып: "АҚШ ДАИШ лаңкестік тобын көп жерлерде қайтадан жандандыруға талпынып жатыр",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ливан Хизбулласының бас хатшысы дүйсенбі күні кешке қарсыласу күштерінің сионистік режимді жеңгеніне 17 жыл толуына орай сөйлеген сөзінде 2006 жылы осындай күні Ливанның әртүрлі аудандары тұрғындарының сионистердің қоқан-лоқыларына қарамастан өз үйлеріне қайтып оралғанын айтып: "Бұл батыл оралу біздің халқымыздың тұрақтылығын және осы жер мен қарсыласу өзегіне берік екенін көрсетті",-деді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы осы соғыста Алланың уәделерінің орындалатынын өз көзімен көргенін айтып: "Жыл сайын осы ерліктің орын алуына септігін тигізген адамдардың барлығына, соның ішінде халық, жауынгерлер, әскери ұйымдар, шәһидтер, Иран, Сирия мен қарсыласуды қолдайтын барлық елдерге алғыс айтуымыз керек",-деді.

Тегтер