Түркияда ресейлік ұшқыштың өліміне қатысты іс аяқталды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i7198-Түркияда_ресейлік_ұшқыштың_өліміне_қатысты_іс_аяқталды
Түркияның батысындағы Измир прокуратурасы Түркия мен Сирия шекарасында ресейлік ұшқышты өлтірді деген айыпкер Алип Аслан Челиктің ісінің жабылғанын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 10, 2016 21:15 Asia/Almaty
  • Түркияда ресейлік ұшқыштың өліміне қатысты іс аяқталды

Түркияның батысындағы Измир прокуратурасы Түркия мен Сирия шекарасында ресейлік ұшқышты өлтірді деген айыпкер Алип Аслан Челиктің ісінің жабылғанын мәлімдеді.

Түркияның әуе күші 2015 жылы 24- ші қарашада Сирияның әуе кеңістігінде Ресейдің бір қырғи ұшағын нысанаға алып құлатты. Ұшақтағы ұшқыштардың бірі парашютпен қону кезінде нысанаға алынып, өлтірілді. Өткен айда Измир қаласында құрықталған Алип Аслан Челик Түркияның ақпарат құралдарына берген сұхбатында ресейлік ұшқыштың өлімінің жауапкершілігін өз мойнына алған болатын.