Бейруттың зардап шеккен мектептері Хизболланың көмегімен оқушыларды қабылдауға дайындық жүргізуде
ParsToday - Ливандағы атысты тоқтатудың жариялануымен және сионистік режимнің осы елге шабуылдарының аяқталуымен Бейруттің оңтүстік шетіндегі мектептер өз жұмыстарын қайта бастауға дайындалуда.
Ливан Хизболласы күштерінің көмегімен Бейруттің оңтүстік шетіндегі көшелердегі жолдарды ашу және қоқыстарды шығару жұмыстары аяқталған соң, бұл аймақтағы мектептер оқу жылының қайта басталуын ресми түрде жариялауға дайындалып жатыр.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бейрут маңындағы орта мектептің директорлар кеңесінің мүшесі Самер Фауаз: «Біз табанды тұрмыз. Сионистік режим бұл аймақтарды қанша қиратқанымен, біз оны бұрынғыдан да гүлдендіріп, көркейтеміз. Біздің бұл ерік-жігерімізді ешкім тоқтата алмайды және біздің күшімізге қарсы тұра алмайды, өйткені біз осы жерде бармыз және өмір сүреміз",- деді. Фауаз: "Қанша мектепті пайдалануға болатынын және қанша оқушы осы мектептерді пайдалана алатынын анықтау үшін бүкіл аймақтан статистика алынды",- деп сөзін жалғастырды.
Самер Фауаздың айтуынша, мектептер болашақ ұрпақ ретінде оөушыларға Ливан халқының ар-намысын, абыройын сақтау және лайықты өмір сүру үшін қанша құрбандық жасағанын үйретеді.
Қыркүйек айында сионистердің Ливанға шабуылдарының басталуымен бұл ел үкіметі Бейрут пен оның маңындағы барлық мемлекеттік және жеке мектептерде, білім орталықтары мен университеттерінде бетпе-бет оқытуды тоқтатып, оның орнына қашықтықтан оқытуға көшті. Енді Ливандағы атысты тоқтатуды жариялаумен сионистік режим оны қайта-қайта бұзуына қарамастан, бұл ел Ливандағы қарсыласудың жүрегі ретінде Бейрут маңындағы өмірдің қайта оралуына куә болуда.