Әл-Хуси: Сионистік қылмыстар Йеменнің шешімін күшейтті
ParsToday - Йемендік Ансаролла қозғалысының жетекшісі аймақтық оқиғаларға байланысты қозғалыстың тұрақтылығын қуаттады.
Йеменнің Ансаролла қозғалысының жетекшісі Абдул Малик Бадреддин әл-Хуси Йемен Ұлттық Құтқару Үкіметі Премьер-министрі мен оның бірқатар серіктерінің сионистік режимнің әуе шабуылында шәһид болуына байланысты сөйлеген сөзінде: «Израиль режимі қылмыстары мен қатыгездігімен тек Йемендік ресми тұлғаларды ғана емес, Палестина, Ливан, Сирия, Ирак және Ирандағы қорғансыз бейбіт тұрғындарды, балалар мен әйелдерді де нысанаға алуда»,-деді. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Абдул Малик Бадреддин әл-Хуси: «Бұл жаңа қылмыс Израильдің аймақтағы қылмыстық әрекеттерінің ұзақ тарихына да қосылды»,-деді.
Ол Израиль режимін гуманитарлық және халықаралық қағидалардың сөзсіз жауы деп сипаттап: «Бұл режим ешқандай заңдарды, міндеттемелерді және стандарттарды ұстанбайды және оның барлық мінез-құлқы зорлық-зомбылық пен агрессияға толы жүзді көрсетеді»,- деп айтты.
Бадреддин: «Сионистік режимнің соңғы қылмысы Йемен ұлтының ұстанымының маңыздылығын бұрынғыдан да көбірек танытады; бұл ұстаным адами және діни құндылықтар мен ұстанымдарға негізделген және үлкен жауапкершілік жүктейді»,- деп мәлімдеді.
Ол былай деп қосты: «Израиль бүкіл халық үшін қауіпті және оның Палестина мен Газа секторындағы күнделікті қылмыстары ауыр жауап беруді қажет етеді».
Абдулмалек әл-Хуси: «Йемен халқы осы жолда құрбандыққа әуел бастан дайындалды. Біз бұл жолдың құрбандықпен келетінін білеміз, бірақ бұл құрбандықтар ешқашан әлсіздік пен шегініс туғызбайды, керісінше Йемен ұлтының тұрақтылығын, сенімділігін және табандылығын арттырады»,- деп баса айтты.
Әл-Хуси сионистік жоспардың халықтарға үстемдік ету әрекетінен басқа ештеңе емес екенін айтып: «Йемен халқы мен Ислам үмбетінің шынайы мүдделері азаттық пен тәуелсіздікті сақтауда жатыр»,- деді.
Сейед әл-Хуси: «Йемен халқының таңдаған жолы - ар-намыс және абырой жолы. Біз бұл жолда ұсынатын нәрселерді мақтан тұтамыз, ал кейбір халықтар Израильдің қылмыстары алдында мойынсұну және үндемеу нұсқасын таңдады»,- деп қосты.
Ол әл-Ақса мешіті мен исламдық қасиеттілердің мәртебесіне тоқталып: «Йемен халқының ар-намысы мен сенімі сионистердің қасиетті жерлерге жасаған шабуылдары мен оларды толығымен басып алу әрекетіне бей-жай қарауға мүмкіндік бермейді. Біздің осы уақытқа дейін жасаған іс-әрекетіміз жаумен іс жүзінде қарсы тұрудың бір бөлігі болып табылады. Біздің Израильге қарсы әскери операцияларымыз, соның ішінде зымырандарды ұшыру, ұшқышсыз соққылар және теңіз блокадалары тұрақты және шиеленісу жолында. Палестина халқына барлық салада қолдау көрсету талпыныстары да жалғасады»,- деді.
Ансаролла жетекшісі: «Йемен елі діни абыройдың шыңында және ешқашан дұшпанға берілгендердің қорлық жағдайына түспейді. Бұл табандылық халықты және құндылықтарды қорғау жолының жалғасуына кепілдік береді»,- деп баса айтты.