Иран мен Сингапур аймақтық ықпалдастықты күшейтуді қуаттады
(last modified Wed, 20 Jul 2016 04:10:02 GMT )
Шіл 20, 2016 10:10 Asia/Almaty
  • Иран мен Сингапур аймақтық ықпалдастықты күшейтуді қуаттады

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы мен Сингапур Ішкі істер министрі аймақтық ықпалдастықты күшейтудің қажеттілігін қуаттады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Әріптестік жолымен өсу - Оңтүстік Азияның мүмкіндігі» атты тақырыпта  өткен азиялық мигранттар форумына қатысу үшін Сингапурға сапар шеккен Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти сейсенбі күні Сингапур Ішкі істер министрі Касивисванатхан Шанмугаммен кездесіп, аймақтық мәселелер мен ортақ ынтымақтастық туралы ой бөлісті.

Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Батыс Азия аймағының мол энергия қорына ие болуы мен стратегиялық орнына байланысты маңыздылығына сілтеме жасап: "Сепаратистік және іріткі салу жоспарларын орындаудың алдын алу мақсатында аймақтық ықпалдастықты күшейту керек.

Егер түрлі мемлекеттердің, әсіресе Иранның ислам елдері мен олардың аймақтағы заңды үкіметтеріне қолдау көрсетудегі ынтымақтастығы болмағанда, бүгінде лаңкестік және экстремистік топтар аймаққа үстемдік етер еді" деп мәлімдеді.

Сингапур Ішкі істер министрі де: "Аймақ елдері кейбір келіспеушіліктер мен көзқарас айырмашылықтарына назар аудармастан түрлі негіздерде, соның ішінде экономика саласында ынтымақтастық жасауға талпыныс жасауы керек" деді.