Украина Иранның мұнай-газын Еуропаға транзиттеуге ұсыныс жасады
(last modified Tue, 02 Aug 2016 09:19:06 GMT )
Там 02, 2016 15:19 Asia/Almaty
  • Украина Иранның мұнай-газын Еуропаға транзиттеуге ұсыныс жасады

ИИР Мұнай министрі Украинаның Иранның мұнай-газын Шығыс Еуропа елдеріне транзиттеуге ынталы екенін хабарлады.

Иран Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане дүйсенбі күні Теһранда  Украинаның Энергетика және көмір өндіру министрі Игорь Насаликпен кездескеннен кейін: «Украиндықтар осы кездесуде  Иранның мұнайы мен газын Еуропаға транзиттеу үшін экспорттау тақырыбын қарастырды. Иранның әріптестікті бастау мақсатындағы  ұсынысы – Украинаны мұнаймен қамтамасыз ету. Әрине, бұл елдің қажеттілігі шектеулі, өйткені ондағы өңдеу зауыттарының потенциалы төмен»,-деп қуаттады.

Ресей газын Еуропаға экспорттау жолдарының басым бөлігі Украинаның территориясынан өтеді.

Украина Шығыс Еуропа, Азия мен Ресейді байланыстыратын жерде орналасқан және Еуропадағы ең маңызды мұнай-газ тасымалдау жолдарының бірі болып саналады.  

Тегтер