Астананың Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі - Пан Ги Мун мен Ыдырысовтың келіссөздерінің өзекті мәселесі
(last modified Wed, 03 Aug 2016 17:57:12 GMT )
Там 03, 2016 23:57 Asia/Almaty
  • Астананың Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі - Пан Ги Мун мен Ыдырысовтың келіссөздерінің өзекті мәселесі

Қазақстан Сыртқы істер министрі Америкаға жасаған сапарында БҰҰ- ның бас хатшысымен кездесіп, осы елдің Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі жөнінде сұхбаттасты.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Америкаға жасаған сапары аясында БҰҰ- ның бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесіп, «Париж: климаттық өзгерістер» келісімшартына қол қойды.

Осы мәлімет бойынша әлемдік климаттың өзгеруі қиыншылықтарын шешу тұрақты дамумен қамтамасыз ету, кедейшілікті азайту және күшті экономикаға қол жеткізу үшін әлем елдерінің маңызды бағдарламаларының біріне жатады. Париж келісімшарты әлемдік қауымдастықтың қоршаған ортаны бүлдіруін тоқтату үшін маңызды белгілерінің бірі болып табылады.

Тараптар осы кездесуде Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастықтарының келешегі, сондай- ақ 2017- 2018 жылдар үшін осы елдің БҰҰ- ның Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі туралы ой бөлісті.

«Париж: климаттық өзгерістер» келісімшарты 2015 жылы 12- ші желтоқсанда Франция астанасы Парижде бекітілді.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов сейсенбі күні Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысымен кездесуіне қатысу үшін Нью- Йоркке сапармен келді.