Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы мен Үндістанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі кездесті
(last modified Sat, 27 Aug 2016 16:59:10 GMT )
Там 27, 2016 22:59 Asia/Almaty
  • Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы мен Үндістанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі кездесті

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы мен Үндістанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі екі елдің қос жақты, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықтарды кеңейту үшін шынайы талабын қуаттады.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани сенбі күні Нью-Делиде Үндістанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Эджит Давалмен кездесуінде аймақтағы әсірешілдікпен тәкфирлік лаңкестіктің қатеріне меңзеп: «Лаңкестікпен және оған демеушілік жасаушы елдермен күресу бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін халықаралық қауымдастықтың ең маңызды міндеті болып табылады» деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Теһранның Ауғанстанда тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату үшін Нью-Делимен ынтымақтастықтарды кеңейту үшін әзірлік танытып: «Қорғаныстық ынтымақтаcтықтар бірлескен комиссиясын жаңа ауқымды қалпында жандандыру екі елдің әскери және қорғаныстық бөлімдерінің байланысын кеңейту үшін жақсы мұрсат болып табылады» деді.

Үндістанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Эджит Давал да осы кездесуде Үндістан үкімет басшысының Иранға жасаған сапарындағы келісімдерді қарастырудың маңыздылығына тоқталып: «Екі ел арасында киберлік ынтымақтастық саласында бар мүмкіндіктерге байланысты Нью-Дели осы салада Теһранмен стратегиялық байланыстың негізін қалауға дайын» деді.