Қыр 04, 2016 21:11 Asia/Almaty
  • Ресей: АҚШ Сауд әулетінің Йемендегі қылмыстарына сыбайлас

Ресейдің Мигранттар федерациясының басшысы: «АҚШ Сауд Арабиясын басқарып отырған режимнің қылмыстарын қолдайды, сол себепті Вашингтон Сауд әулетінің Йемендегі қылмыстарына сыбайлас»,-деді.

Мұхаммад Амин Маджумдер жексенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Сауд Арабиясының сыртқы саясаты қазіргі жағдайда ислам әлемінің мүддесіне соққы беруге негізделген. Бұл елдің 18 ай көлемінде Йеменге шабуыл жасауы осы шындықты айқын көрсетеді. Сауд Арабиясы мен Йеменге шабуылдағы оның одақтастары жазалануы тиіс. Сол себепті олар тез арада өздерінің мұсылмандарға қарсы шаралары мен Йеменде жазықсыз адамдарды өлтіруін тоқтатуы тиіс. Осы уақытқа дейін  Йемен халқының 10 мыңнан астам адамы саудиялық басқыншылар, жалдамалылар мен олардың одақтастарының шабуылдарында қаза тауып, басқа ондаған мың адам жараланды, өте көп адам босқынға айналды»,-деді.  

Тегтер