Үндістан Чабаһарға өзінің алып кемелерін жөнелту бойынша келісім жасады
(last modified Mon, 05 Sep 2016 12:55:19 GMT )
Қыр 05, 2016 18:55 Asia/Almaty
  • Үндістан Чабаһарға өзінің  алып кемелерін жөнелту бойынша келісім жасады

Ауғанстанның Сауда палатасы басшысының орынбасары Үндістанның өзінің үлкен кемелерін Чабаһарға жөнелту бойынша келісім жасағаны туралы хабарлады.

Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп палатасы басшысының орынбасары Ханджан әл-Кузи Үндістанның Иран және Ауғанстанмен келіссөздерде өзінің алып кемелеріне жүк тиеп, Чабаһар портына қарай жөнелтуге келіскенін айтып: «Алып кемелерді Чабаһар жолында іске қосып, осы теңіз жолында сауда тауарларын тасымалдап, транзиттауы, тауар экспорты мен импорты бұл портқа қарқын сыйлайды» деді. Ол сонымен қатар Иран мен Чабаһар еркін аймағы басшыларынан да халықаралық  алып кемелердің осы портқа келе алуы үшін Чабаһар еркін аймағына тән халықаралық арнайы сауда кодын алу үшін әрекет жасауды сұрады.

Үндістанның Орта Азияға Пәкістан арқылы саудасы түйткілмен бетпе-бет келді. Исламабад Нью-Делиге қиындық тудырды. Сол себепті Үндістан осы портты қолдануға ерекше ынта танытып отыр.