Башар әл-Джафари: Сирия дағдарысы азамат соғысы емес
(last modified Wed, 07 Sep 2016 10:22:40 GMT )
Қыр 07, 2016 16:22 Asia/Almaty
  • Башар әл-Джафари: Сирия дағдарысы азамат соғысы емес

Сирияның БҰҰ-дағы өкілі Сирияда болып жатқан оқиғаларды азамат соғысы емес деп атады.

Сирияның БҰҰ-дағы өкілі Башар әл-Джафари: «Сирияда болып жатқан оқиғалар азамат соғысы емес, өйткені әлемнің 100-ден астам елінен мыңдаған лаңкес Сирияға келді. Бұл жағдай БҰҰ Бас хатшысының есебінде айтылған азамат соғысына сәйкес келмейді. Сирия үкіметі осы елдің аумақтық тұтастығын қорғаудағы, үкімет пен халыққа қару кезенген лаңкестік топтарға қарсы азаматтардың қауіпсіздігін сақтаудағы заңды міндетін атқара беретін болады»,-деп баса айтты.