Ресейдің «Лукойл» компаниясының бас директоры Занганемен кеңесті
(last modified Tue, 20 Sep 2016 10:12:07 GMT )
Қыр 20, 2016 16:12 Asia/Almaty
  • Ресейдің «Лукойл» компаниясының бас директоры Занганемен кеңесті

Иранның Мұнай министрі Иранның ұлттық мұнай компаниясы мен Ресейдің «Лукойл» компаниясы арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың кеңеюін қалайтынын білдірді.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане Теһранда Ресейдің «Лукойл» компаниясының бас директоры Вагит Алекперовпен кездесіп, екі компанияның ұзақ мерзімді ынтымақтастықты көздеуі қажеттігін айтып,  «Лукойл» компаниясы қол қойған Иранның «Мансури» және «Аб-е Теймури» мұнай кен орындарын дамыту туралы меморандумның тез арада жүзеге асатындығына үміт білдірді.

«Лукойл» компаниясының бас директоры Иранның ұлттық мұнай компаниясының бас директоры Әли Кардармен жүргізген келіссөздерін  өте пайдалы деп атап: ««Лукойл» компаниясы Иранның мұнай өнеркәсібіне инвестиция салуға ынталы»,-деді. Алекберов Иранның Мұнай министрімен кездескеннен кейін тілшілерге берген сұхбатында: ««Лукойл» компаниясы  Иранның 2 мұнай кен орнын зерттеудің нәтижесін беретін болады»,-деді.

Ресейдің «Лукойл» компаниясының бас директоры Иранның мұнайға қатысты басқа да жобаларына қатысу жайында: «Мансури» және «Аб-е Теймури» мұнай кен орындарымен қоса, бұл компания Парсы шығанағы аймағын зерттеуді өз міндетіне алған. Жақын болашақта бұл жайлы мәлімет жарияланатын болады»,-деді.

«Мансури» мұнай кен орны – орташа есеппен алғанда күніне 100 мың баррель шикі мұнай өндіре алатын Иранның мұнай кен орындарының бірі.

«Лукойл» компаниясы 2015 жылдың көктемінде Теһранда өз кеңсесін ашты.

 

Тегтер