Қарабақ - әлемдегі ең маңызды кикілжіңдердің бірі
Латвия президенті Қарабақ дағдарысын әлемдегі ең маңызды кикілжіңдердің бірі деп атады.
Латвия президенті Раймондс Вейонис БҰҰ Бас Ассамблеясының 71- ші отырысында сөйлеген сөзінде: "Қарабақ дауын шешу Абхазия және Оңтүстік Осетия даулары сияқты халықаралық бағдарламалардың басты бағдарына қойылып, дер кезінде шешілуі тиіс" деді.
Латвия президенті сондай- ақ барлық елдер халықаралық құқық шеңберінде өз міндеттемелерін орындап мемлекеттердің жер тұтастығы мен заңды шекараларын құрметтеуі керек екендігін қуаттады.
Қарабақ дауы 1988 жылы Армения Әзірбайжан республикасына қарсы жер дауын қозғауынан кейін талқыланды.
Кикілжің туып, армениялық және әзірбайжандық күштер арасындағы қақтығысар салдарынан Әзірбайжан республикасының Қарабақ аймағы және онымен іргелес жеті ауданды Армения күштері жаулап алды.
1994 жылы мамыр айында жауласушы тараптар арасында ымыра орнатылды. Ресей, Франция және Американың бірлесіп басқаруымен Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына қарасты Минск тобының осы дауды бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық араағайындығынан осы уақытқа дейін еш нәтиже шықпай отыр.