БҰҰ-ның біліксіздігі Сауд Арабиясының соғыс қылмыстарын арттыруына себеп болып отыр
БҰҰ-ның Сауд Арабиясының Йемендегі соғысында қаза болғандар мен жараланғандар саны туралы статистикалық мəліметінің йемендік мағлұматтардан қатты айырмашылығы барлығына қарамастан, БҰҰ-ның есебінің өзі Сауд Арабиясының Йеменде соғыс қылмыстарын жасап жатқанын көрсетеді.
БҰҰ Адам құқығы жоғары комиссариатының ақпарат хатшысы Сесиль Пуйи жұма күні 23 қыркүйекте: "Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысында қаза болған қарапайым адамдардың саны 2015 жылдың 26 наурызынан ағымдағы жылдың 22 қыркүйегіне дейін 3890 адамнан асса, жараланғандардың саны шамамен 6909 адамға жетті»,-деп хабарлады. Сесиль Пуйи бұл статистикалық мəліметтерді йемендік дереккөздері осы елде қаза болған қарапайым адамдардың санын 8 мың адамға жуық, ал жараланғандардың санын шамамен 30 мың адам деп хабарлаған жағдайда жариялап отыр.
БҰҰ-ның статистикалық мəліметтері мен йемендік дереккөздері мағлұматтарының айырмашылығын, соның ішінде БҰҰ бойынша қаза болғандар санының йемендік дереккөздері жариялаған санның шамамен жартысын, ал жараланғандар санының шамамен төрттен бір бөлігін құрайтынын назарға алмағанда, осы статистиканың өзінен-ақ Сауд Арабиясының соғыс қылмысын, бейбітшілікке қарсы қылмыс, адамзатқа қарсы қылмыс жасағанын көруге болады. БҰҰ-ның Адам құқығы жоғары комиссариатының ақпарат хатшысының мойындағанына қарамастан, бұл ұйым əлі күнге дейін өз мүмкіндіктерін Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарын тексеруге қолдана алмады. БҰҰ-ның осы күнге дейін атқарған ең маңызды шарасы Сауд Арабиясын Йемендегі балалардың құқықтарын бұзушылардың тізіміне қосуы болды. Алайда Сауд əулеті режимі мен оның одақтастарының қоқан-лоққыларынан кейін Сауд Арабиясының атауы бұл тізімнен шығарылды.
БҰҰ Сауд Арабиясына қарсы істей алатын ең маңызды шаралардың бірі соғыс қылмысы, бейбітшілікке қарсы қылмыс, адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін Сауд Арабиясының үстінен іс қозғап, оны Халықаралық қылмыстық сотқа жіберу болып табылады. Бұл соттың жарғысында: "Үш түрлі қылмыс жасау мемлекет қайраткерлерінің иммунитеттен айырылуына себеп болады",-деп жазылған.
Сауд Арабиясы Халықаралық қылмыстық соттың жарғысына қол қоймағандықтан бұл шара БҰҰ Бас хатшысы тарапынан немесе Қауіпсіздік кеңесі тарапынан атқарылуы тиіс. БҰҰ Бас хатшысы Сауд Арабиясының атауын балалардың құқығын бұзушылар тізіміне тіркей алмай отырғандықтан, бұл режимнің ісін Халықаралық қылмыстық сотқа жіберуі де екіталай.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің де Сауд Арабиясының қылмыстары туралы істі Халықаралық қылмыстық сотқа жіберетіндігіне сену қиын, өйткені бұл кеңестің кейбір тұрақты мүшелері, əсіресе АҚШ Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысының демеушісі болып отыр.
Осы жағдайға байланысты Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат хатшысы Мұхаммад Абдусалам əлеуметтік желілерде: "Сауд Арабиясының Йемендегі бомбалаулары мен қылмыстарына үнсіздік танытып отырған БҰҰ халықтардың мойнына артылған ауыр жүктен басқа ештеңе емес. Бұл ұйым халықаралық заңдарды сақтау сылтауымен оларды жояды",-деп жазды.
Шындық мынада: халықаралық заңдар БҰҰ мен оның органдары тарапынан осы ұйымның шығындарының бір бөлігін қамтамасыз ететін алпауыт елдердің мүдделеріне зиян тимеген жағдайда ғана орындалады.