Сирия Алеппоны өзіне қайтаратынын қуаттады
(last modified Mon, 26 Sep 2016 09:13:05 GMT )
Қыр 26, 2016 15:13 Asia/Almaty
  • Сирия Алеппоны өзіне қайтаратынын қуаттады

БҰҰ-дағы Сирияның өкілі Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Сирия үкіметінің Алеппоны лаңкестердің қолынан толығымен қайтаратынын айтты.

БҰҰ-дағы Сирия өкілі Башар Джафари Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: «Сирия үкіметі елдің Конституциясы және халықаралық заңдар бойынша өз жерінің бір бөлігінен де айрылмайды. Қауіпсіздік кеңесі Сириядағы лаңкестерді қолдайтын мемлекеттермен бірге «ұстамды» деп атайтын қарулы лаңкестерді құтқару мақсатында тағы да отырыс өткізуде»,- деп қуаттады.  

Джафари «Сирия әскері халықаралық деңгейде тыйым салынған қаруларды пайдаланады»  деген айыптауларды теріске шығарып, оны айыптады. БҰҰ-дағы Сирия өкілі: «Сирияда соғыс қылмыстарын іске асырып отырғандар ДАИШ лаңкестерін  қолдау үшін Сирия әскерін нысанаға алатындардың өздері»,- деді.